ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАУІПСІЗ ӨНІМ ТҰТЫНУДА

98
0

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде бірақатар өнімдерден сынама алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Uakit.kz.

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жылдан-жылға өзектілігі артып барады. Өйткені бүгінде азық-түлік өнімдері мен өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігі халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін басты факторларының бірі болып табылатыны бәрімізге белгілі.

Адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ретту мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде бірқатан сауда нысандарынан сынама алынған. Бүгінгі таңда 2022 жылдың 9 айы қортыныдысы бойынша  1347 — тамақ өнімі және 881 — тамақ емес өнімдерден, яғни  барлығы 2228 өнім сынамасы сатып алынып, зерттелді. Соның ішінде, отандық өнім өндірушілердің өнімдері — 342 сынама (15,35%), Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері – 1446 сынама (64,9%), басқа мемлекеттердің өнімдері — 440 сынама (19,75%).

Сараптама нәтижелері бойынша 53 өнім сынамасы Кеден Одағы техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Сәйкес келмейтін өнімнің негізгі үлесі, яғни 94,3% (50 сынама) импорттық өнімге тиесілі, қалған 5,7% (3 сынама) — отандық өндірушілер үлесінде.

Негізгі бұзушылық шет ел өнімдерінен таңбалау көрсеткіші бойынша анықталған. Бұл барлық сәйкессіздік анықталған өнімдердің 83,0% (44 сынама) құрады.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама барысында құс еті өнімдерінің 1 сынамасында, аспаздық өнімдердің 2 сынамасында, алкогольсіз сусындардың 3 сынамасында микробиологиялық көрсеткіш бойынша бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, импорттық энергетикалық сусындарының 3 сынамасында адам денсаулығына қауіпті консервант — натрий бензоатының мөлшерден тыс қосылғандығы анықталды.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларымен мониторинг нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Өнімі техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген кәсіпкерлік субъектілеріне заңнама талаптарын бұзушылықтарды жою тәртібін түсіндіре отырып, бұзушылықтарды жою туралы 24 нұсқама беріліп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес  7 айыппұл салынды.

Сәйкессіздіктер анықталған 2103,86 кг тамақ өнімдері (энергетикалық сусындар, консервіленген жеміс-жидек өнімдері және май өнімдері) сатылымнан шығарылды.