«Бекжандағы» өрт: қайырымдылық қор құрылды

476
0

Шымкентте өртенiп кеткен «Бекжан» базарының саудагерлерi 300 мың теңгеден өтемақы ала бастады.

Оларға ақшаны базардың құрылтайшысы Әмiрхан Шүменов төлеуде.

Өтемақыдан басқа, зардап шеккен сатушылар үшiн қалада қайырымдылық қор ашылды. Шымкент қаласының әкiмi Қайрат Молдасейiтов бұл оқиғаға бей-жай қарамайтын барлық шымкенттiктердi зардап шеккен жерлестерiне көмек көрсетуге шақырды. Бiрақ, Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары Бахадыр Нарымбетовтың айтуынша, қор сауда арқылы пайда табудың жалғыз көзi болған зардап шегушiлерге ғана көмектеседi.

Облыс әкiмдiгi мен базар басшылығының арасында көлiк бекетiнiң аумағында жаңа сауда қатарларын ұйымдастыру туралы келiсiмге қол жеткiзiлдi, бұл ғимарат өрттен аман қалды. Бүгiн таңертең онда сауда орындарын құру жұмыстары басталып кеттi. Онда шамамен 2,5 мың адам жұмыс iстейтiн болады. Қалғандары Шымкенттiң басқа базарларына барады, онда өрттен зардап шеккендер үшiн жеңiлдiк орындары құрылған, алғашқы уақытта олардан жалгерлiк ақы алынбайды.

Қазiргi кезде базар аумағында полицейлер жұмыс iстеуде. Бұл iстiң тергелуi ерекше бақылауда тұр. Оңтүстiк Қазақстан облыстық iшкi iстер департаментi баспасөз қызметiнiң жетекшiсi Салтанат Қаракөзованың мәлiмдеуiнше, өрт қасақана тудырылғаны белгiлi болды. Оны кiм өртегенiн қазiргi кезде 56 тәртiп сақшысы тергеуде. ОҚО IIД-нiң басшысы Асқар Оспановтың мәлiметiнше, «Бекжанның» сатушыларынан 1200 өтiнiш келiп түстi. Бүгiн тәртiп сақшылары өртте қаза тапқан жалғыз адамның есiмiн анықтады. Ол базарда сатушы болып iстеген Қырғызстанның 32 жастағы тұрғыны. Оны туған ағасы таныды.

Естерiңiзге сала кетейiк, Шымкенттегi «Бекжан» iрi базары 3 тамызда өртенiп кеттi. Өртке дейiн онда шамамен 8 мың адам жұмыс iстедi.