ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

126
0

Шымкентте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тиісті деңгейде жүзеге асып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың әр тоқсан сайын халықпен есепті кездесулер ұйымдастырылған болатын. Есепті кездесулердің бірінде тұрғындар тарапынан жастар мәселесі көтеріліп, шаһар басшысына өтініш-тілектерін жеткізген еді. Аталған мәселені ескере отырып, құзырлы орган қызметкерлеріне әкім тарапынан «Нұртас» шағын ауданы жастарының  тәрбиесі мен өзекті мәселелеріне талдау жүргізіп, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын бақылауға алып, нақты шаралар қабылдап, тиісті жұмыстарды жүргізуге тапсырма берді.
Бүгінде Қаратау ауданы аумағында жастар саны — 53 662 құрайды. Жоғары оқу орындар саны 1, онда 4777 студент білім алса, орта арнаулы оқу орындары саны 4, онда 4098 студент білім алып келеді. Аудан аумағында 48 мектеп, онда 60 764 оқушы бар. Мектептегі үйірмелер саны 568, үйірмеге 35 мыңға жуық жастар қатысады. Аудан жастарының бос уақытты тиімді пайдалану үшін Қаратау аудандық «Жастар ресурсты орталығы» базасында тегін үйірмелер қарастырылған. Орталық қызметі туралы ақпараттық жұмыстар жүргізілді. 2022 жылғы 7 ақпанда «Нұртас» шағын ауданы төбе биі Орынбасар Қаматаев аудандық орталықтың қызметімен танысып, жастармен кездесті. О.Қаматаевтың жастарды жұмыспен қамту бойынша ұсынысы басқарма тарапынан бақылауға алынып, мобильді топ мүшелері бекітілген кестеге сәйкес «Нұртас» шағын ауданында айына 1 рет ақпараттық жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен қатар аудандағы шалғай елді мекендерде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін кестеге сай өткізілуде. Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Бозарық ш/а  жақын тұрғындардың қатысуымен жиналыс өтті. Қаратау ауданы бойынша 2021 жылы жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап жүгінген жастар саны — 3319, жұмыспен қамту шараларына қатысқан жастар саны — 2356. Шымкент қаласы бойынша  18425 жасты  жұмыспен  қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 2066 жас жұмыспен қамтылған.
Бүгінде Шымкентте азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тиісті деңгейде жүзеге асып келеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тұрғындар арасында өзара іс-қимылы жүйесі оң нәтижесін беріп келеді. Билік пен халық арасында ашық диалогтың болуы, емін-еркін пікір алмасуы, елдің жағдайын жақсартады.