ШАРДАРА БАЛЫҒЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

ШАРДАРА БАЛЫҒЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, оны Еуропа елдерінің нарығына шығару көзделуде. Осы саланы дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары балық шаруашылығын қолға алып келе жатқан Шардара ауданында бас қосты.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл  шаруашылығы  кооперативтерін  құру бойынша қолға алынған кезекті мамандандырылған  семинар-кеңес Шардара ауданында өтті. Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.Қаныбеков пен аудан әкімінің орынбасарлары және шаруа қожалықтарының  басшылары  қатысты.

Шардара ауданында бүгінгі күнге дейін балық, мақта, мал шаруашылығы мен көкөніс пен бау-бақша бағыттарында 19 кооператив құрылды.

Семинар қатысушылары кооперацияға берілетін несиенің тиімділігі  мен балық шаруашылығын дамыту мақсатында Шардара ауданындағы «Хамит» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Онда олар балық және көкөніс шаруашылығы кооперативтерін құру бағыттарын талқылады.

Айта кетейік, «Хамит» өндірістік кооперативінде балықтың 10 түрі әзірленеді. Сапалы өнім шығаратын кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін балық өңдейді. Жалпы өнімнің 70 пайызы Ресей, Германия және Израиль сынды елдерге экспортталса, ал 30 пайызы ішкі нарыққа саудалануда.

Жалпы облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тонна балық өңделеді. Алдағы уақытта да осы саланың даму көкжиегін кеңейтіп, субсидиялау мәселесін шаруаларға түсіндірген басқарма басшысының орынбасары балық шаруашылығында  коопертивтер  құру  арқылы  өнімнің көлемін  ұлғайтуға болатынын жеткіздізді.

Балық шаруашылығын кәсіпке айналдырған Шардарада  бүгінде 3 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның ішінде «Хамит» және «Шардара балық – 1» кәсіпорындары өз жұмыстарын жолға қойып үлгерген. Ал өткен жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тағы бір зауыт іске қосылған.  Балық өңдеу кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылған.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ