ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТҮЙТКІЛДЕРІ ҚАШАН ШЕШІМІН ТАБАДЫ?

69
0

Шымкентте инженерлік инфрақұрылым саласында атқарылып жатқан шаруа қыруар. Жыл басынан бері қалаға қарасты көптеген шағынаудандар мен елді мекендердегі түйткілді мәселелердің біразы шешімін тапты. Сапалы электр жарығы, көгілдір отын және электр жарығы тартылды. «Бозарық» қосалқы стансасы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тапшылығы шешілді.

Бүгінде 8 елді мекенде электр энергиясы, 31 елді мекенде табиғи ғаздың сапасы жөнінде мәселелер бар. Биыл сапалы электрмен қамтуда 16, табиғи газ жүйесі бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде сапалы электрмен қамту көрсеткіші 99 пайызға, табиғи газбен қамту 94,7 %-ға өседі. Жалпы 2023 жылы ауыз сумен қамту, 2025 жылы электр қуаты және табиғи газбен қамту 100 пайызға орындалады. Сонымен қатар ағымдағы жылы 19 кәріз жүйесінің құрылысы атқарылуда. Нәтиижесінде, кәрізбен қамту 54 %-дан 60 %-ға дейін ұлғаяды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы, мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 12 елді мекеннің координатасы келісіліп, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылып, инвесторға ұсынылды. Бүгінде инвестор тарапынан Ақниет, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20-жыл, Азат, Тұран, Асар елді мекендерінен анықталған жер телімдерін қазу, бетон құю және антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары атқарылуда. Ал, жеке нысан иелерімен келісу арқылы Елтай, Тоғыс, Маятас және Бозарық елді мекендеріне базалық станция орнатылып іске қосылды. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылса, 71 000 жуық қала тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамтылып, жыл соңында сапалы интернетпен қамту үлесі 95%-ға жетеді деп жоспарлануда. Айта кету керек, Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і немесе 96 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен немесе 4 пайызы жекеменшік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады. Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр.  2022 жылы 5,2 млрд теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам немесе жалпы тұрғындардың 36 пайызы орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам немесе 64 пайызы кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде. Сонымен қатар аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда.