МӘДЕНИ-РУХАНИ ТАБЫСТАРДЫҢ ЖАРШЫСЫНДАЙ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

Түлкібас ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астана өз елім – Түлкібас атамекенім» атты аудандық өнер фестивалі өтуде. Ондағы мақсат ауданға қарасты барлық ауылдардағы мәдени-рухани және тарихи жетістіктерін қалың жұртқа паш ету.
Осындай игілікті мақсатты көздеген фестиваль бұл жолы Арыс ауылдық округінің қойған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Бұл ретте Керейт ауылының өнерпаздарына көрермендер тарапынан лайықты қошемет көрсетілді. Бұдан соң аудан орталығындағы «Жеті қазына» аллеясында жиналған көпшілікке мерекелік кеш барысында алдымен «Түлкібас атамекенім» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды. Арыс ауылдық округінің мәдени-рухани және тарихи жетістіктерін насихаттауды көздеген көрме көпшілік көңілінен шықты.
Айта кетерлігі, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және Түлкібас ауданының 90 жылдығына арналып ұйымдастырылған бұл фестиваль ағымдағы жылдың тамыз айында өз мәрісіне жетпек.
Фестиваль қорытындысы бойынша концерттік бағдарламаны жоғарғы деңгейде ұйымдастырып өткізген ауылдық округ немесе поселке әкімдігі қазылар алқасы тарапынан бағаланып, жүлделі орындардан көрінген ұжымдар марапатқа ие болмақ.
37632195_783910285332599_5387607439958867968_o

37389977_783910205332607_5063757843459473408_o

ПІКІР ЖАЗУ