ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПТІ ӨРГЕ СҮЙРЕЙТІН КОММЕРЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПТІ ӨРГЕ СҮЙРЕЙТІН КОММЕРЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкентте әлеуметтік жоба болып табылатын электрондық коммерция орталығы ашылды. «E-Commerce Center» деп аталатын орталықта кәсіпкерлер онлайн-сауда және жеткізу бойынша кеңес алады және Қазақстан мен Өзбекстан бойынша тауарларды жеткізу шығындарын өтейді.

 

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

Кәсіпкерлікті қолдау мен оларға көмек көрсету әкімдіктің басты мақсатының бірі болып табылатынын айтқан Шымкент қаласының басшысы Ғ.Әбдірахымов орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

«E-Commerce Center» — «Қазпошта» АҚ мен «Shymkent ӘКК» АҚ-ның бірлескен жобасы. Уақыт өте келе бұл орталық 3000 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Бүгінгі күні 60% — дан астам әлемдік сауда электрондық ортаға көшкен, болашақта бұл сан өсетін болады.

Онда е-commerce саласында алғашқы қадамын жасайтын кәсіпкерлер қайтарымсыз негізде оқытудан өтеді және меншікті сауда интернет-алаңдарын әзірлеуде, халықаралық сауданы жүзеге асыруда әдістемелік көмек ала алады. Көрсетілген қолдау шаралары Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл оңтүстік өңірінің электрондық коммерциясын дамытуға ықпал етеді.

 

ПІКІР ЖАЗУ