ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЛДАҒЫ КҮЗДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕНІҢ ТҰРҒЫНДАРҒА ЕҢ ЫҢҒАЙЛЫ БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

201
0

Осы жылдың күзінде-ақ Шымкенттегі А. Байтұрсынов көшесі жаяу жүргіншілер үшін де, көлік тізгендегендер үшін де және велосипед айдағандар үшін де ең ыңғайлы әрі үлгілі көшеге айналатын болады.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

Аталған нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылау үшін көшені аралап шыққанын мәлімдеген қала әкімі ондағы жасыл желек пен ағаштарды сақтап қалу мүмкіндіктеріне  жіті мән беріліп жатқанын да жеткізді.

uakit.kz