МАМИН МЕГАПОЛИСКЕ НЕГЕ КЕЛДІ?

179
0

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысу үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкентке келді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Шымкент Орталық Азияның қуатты экономикалық орталығына, қонақтар мен тұрғындарға арналған қолайлы жағдайлар жасалған ірі әрі тартымды мегаполиске айналуы тиіс.

ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапары барысында мегаполис төңірегіндегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Тұран шағынауданында ұзындығы 3,3 шақырым үш магистральді көшенің бірін, жол инфрақұрылымының құрылысымен танысты. Премьер-Министрге жыл соңына дейін жолдың пайдалануға берілетіні баяндалды. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін велосипед жолдары қарастырылған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін жаңа автоматтандырылған газ таратушы станция салынады, ол артып келе жатқан сұранысты ескере отырып, шалғайдағы елдімекендердің, соның ішінде Тұран шағынауданының тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге жол ашады.

Қала төңірегіндегі үйлерді электрмен жабдықтау үшін электр желілерін салу жұмыстары пысықталуда. ҚР Премьер-Министрі «Бозарық 220/110/10 кВ» қосалқы станциясының құрылысы жүріп жатқан жерде жобаны уақтылы аяқтау мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қаланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бас жоспары аясында Шымкенттің солтүстік бөлігінде тұрғын үйлер салынуда, бұл электр қуатының қосымша көзін салу жұмыстарын жандандыруды талап етеді. Қала әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, «Бозарық» станциясы биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде шамамен 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

 uakit.kz