ОНКОЛОГТАР «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ

ОНКОЛОГТАР «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті жолдауында «Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс» деген болатын.

Осы мақсатта Шымкентте алдағы 25-мамыр күні қалалық онкологиялық орталықта сағат 09:00-ден 14:00 аралығында “Тері қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау” бойынша ашық есік күні өтеді. Бұл күні кез келген қала тұрғыны жолдамасыз әрі тегін дәрігер онкохирургтың тегін қабылдауына кіріп, цитологиялық тексерістен өту мүмкіндігіне ие болады.

Мамандар тері қатерлі ісігі көбіне-көп егде жастағы азаматтарға ауыз салатынын алға тартуда. Дегенмен де аурудың айтып келмейтінін біз жақсы білеміз. Сондықтан да «басты байлық – денсаулығымызды» қорғау үшін алдын алу шараларынан өткен артық болмайтынын ұмытпайық.

Қазіргі таңда Шымкентте  тері қатерлі ісігімен 907 адам есепте тұратынын айта кетейік.

ПІКІР ЖАЗУ