«ӘДЕБИЕТ ГАЗЕТІНДЕ» КАРИМОВТЫ ДАТТАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Өзбекстанда шығарылатын «Әдебиет газетіне» қазіргі билікті сынауға, елдің алғашқы президенті Ислам Каримовты даттауға және материалдарында оппозиция жетекшісі Мұхаммад Салих есімін жазуға тыйым салды, деп хабарлайды uakit.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

 Мұндай тыйымды басылымға  президент әкімшілігіне қарасты Ақпарат және коммуникация агенттігі салып отыр.

Агенттік аталған газеттің бас редакторы  Бахтияр Каримовқа жолдаған хатында “Ислам Каримов есімін даттау” және “оппозициядағы ақын Мұхаммад Салихқа құрмет көрсету” заң бұзу болып көрсетілетінін жазған.

Газеттің бас редакторы Бахтияр Каримов болса бұл шектеуді  “37-жылдардағыдай цензура” деп атады. Оның бұл уәжіне  ақпарат агенттігі «цензурамен айналысатын біз емеспіз» деп міз бақпады.  Ал оппозициядағы саясаткер және танымал ақын Мұхаммад Салих болса Ислам Каримов президент болған жылдары есімін газетке басуға тыйым салатын мұндай құжат болмағанын ашық айтты.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ