МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ 92 ПАЙЫЗЫ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА

Өткен жылы елімізде 4 617 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Нәтижесінде жергілікті жолдардың сапа көрсеткіші 2018 жылмен  салыстырғанда  68 пайыздан 71 пайызға жетті, деп хабарлайды uakit.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, былтыр облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытуға 200 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Аталған қаражат есебінен былтыр республиканың бар аумағында 386 жоба жүзеге асырылған. Атап айтқанда, 37 жоба – жол құрылысымен, 34 жоба – жолдардың реконструкциясымен, 60 жоба – жолдарды күрделі, 255 жоба – орташа жөндеуден өткізу жұмыстары болған.

2019 жылы жүзеге асырылған жобалардың саны бойынша көшті Маңғыстау облысы бастап тұр. Мұнда жолдарды реконструкциялауға бағытталған 5 жоба, жолдарды салуға бағытталған 2 жоба жүзеге асырылды. Облыс жақсы жағдайдағы жергілікті жолдардың сапасына қатысты рейтингте де бірінші орында. Өңірде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 92 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.

uakit.kz

(сурет ашық ақпарат көзінен алынды)

ПІКІР ЖАЗУ