ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЕСКЕ ТҮСІРУ ҚАЖЕТ 11 ҚАДАМ
Төтеншеліктер төтенше жағдайды алдын алу және жою жұмыстарын жүргізетіні белгілі. Бірақ апаттың айтып келмейтіні бәрімізге белгілі. Табиғи апат орын алған сәтте Сіздің жаныңызда құтқарушы болмайды. Өрт сөндірушілер шақыртудан кейін, санаулы минуттардан соң сізге қажетті көмек көрсетеді. Ал оған дейін Сіз төмендегідей 11 қадамды еске түсіріп, қажетті шараларды жасауға тырысыңыз,-деп хабарлайды uakit.kz egov.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай кезінде сіз жасайтын 11 қадам
Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу қажет?
- Алғашқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз (дұрысында, екі бірдей жиынтық)
Алғашқы жәрдем дәрі қорабы.
Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. (бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады).
Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы.
Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы.
От жағатын жағдайға арнап — герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.
Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта.
Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер (нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда).
Тағы бір осындай жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді.
Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез-келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн.
Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға — су өтпейтін, қысқа — жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Шатыр мен ұйықтауға арналған қаптар болғаны дұрыс.
- Сізге мыналарды білген жөн:
Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз.
Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз.
Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар.
Қалай эвакуацияланасыз — машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз.
Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.
- Артық ештеңе алмаңыз.
Алайда, мынаны есте ұстаңыз: көбірек тамақ, ауыз су және дәрі-дәрмек, бір-екі бастапқы қажеттілік жиынтығын алған жөн.
- Эвакуация кезінде қалдырып бара жатқан бағалы бұйымдарыңыз бен жәдігерліктеріңізді жедел түрде жинау және сақтау үшін алдын ала орын дайындаңыз.
- Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз.
Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, осыған кірісіңіз. Ол – үш минуттан бес минутқа дейін тоқтамастан созылатын сирена дыбысы. Оның мағынасы мынадай: барлығыңыз радио мен теледидарды қосып, оларды қайда не болып жатқаны туралы хабарламалар алу үшін жергілікті толқынға бағыттаңыздар.
- Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, алғашқы қажеттілік жиынтығын тексеріңіз.
Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз. Бұнымен бір мезгілде алғашқы қажетілік жиынтығыңыздың жинаулы екенін тексеріп, тағы да қандай заттар керек болатынын бағамдаңыз. Егер БАҚ төтенше қызметтер нұсқауларын беріп жатқан болса, міндетті түрде құлақ түріп, жеке жоспарыңызды соған сәйкестендіріңіз.
- Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз.
Егер де телефоныңыз бар болса, жақындап қалған төтенше жағдай кезінде онымен туыстарыңызға, достарыңыз бен таныстарыңызға қоңырау шалмауға тырысыңыз. Төтенше жағдай кезінде телефон арқылы тек төтенше қызметтерге қоңырау шалыңыз, оларға жаралылар жайлы хабарлап, қандай да бір жаңа төтенше жағдай немесе оның төну қаупі туралы айтыңыз. Бірақ қандай жағдай болса да, жөнсіз қоңырауларға жол бермеңіз.
- Күнделікті өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз.
Дұрысы, оған дейін, күнделікті бос уақытта туыстарыңыз бен жақындарыңызға олар тұрып жатқан өңірде қандай қауіптердің кездесуі мүмкін екені және азаматтық қорғау органдары мен БАҚ-тың төтенше жағдай болады деген хабарын алған сәтте өздерін қалай ұстауы керектігі жайында қарапайым тілмен түсіндіріп қойғаныңыз абзал. Ол үшін сізге алуан түрлі төтенше қызметтер әзірлеген нұсқаулықтар қажет болады. Осындай нұсқауларды адамдар санасына біртіндеп сіңіре отырып, сіз ерте ме, кеш пе, шындап қауіп төнген жағдайда ешкімге хабарласып, ескертуге мәжбүр болмайтын жағдайға жетесіз.
- Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз.
Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Су тасқынының ағынына, ормандағы өрт орамына немесе қатты боранға тап болған автокөліктерде опат болған жолаушылар саны тым көп. Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз, радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз.
- ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз.
Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Төтенше қызметтердің міндеті – ТЖ аймағындағы ғимаратты қарап шығып, адамдардың оларға қайта кіруіне болатынын не болмайтынын анықтау.
Егер де ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз, жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақпен жарық түсірмеңіз. Темекі шекпеңіз.
Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Күдікті иістерді сезсеңіз, төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
Үзілген сымдардан (оның ішінде телефон сымдарынан) аулақ болыңыз. Кез- келген мұндай сым қанқұйлы қауіп көзі болып табылады.
Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі тексеріңіз: олар уланған (химиялық заттармен уланбағанның өзінде өңезденуі мүмкін) немесе бұзылған (мәселен, олар тоңазытқышта жатып, ұзақ уақыт электр қуаты болмаған жағдайда) болуы ықтимал.
Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз. Суды пайдалану немесе (қажетіне қарай) оны зарарсыздандыру жөніндегі төтенше қызметтердің нұсқауларына міндетті түрде құлақ асыңыз.
Егер де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс.
Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз. Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы ықтимал. Мәселен, күшті желден сынған ағаштар құлап, жолдағы автокөліктерді басып қалған немесе жолда кенеттен терең ойпаттар пайда болған жағдайлар бар. Дүлей апаттан кейін көпірлер әсіресе қауіпті болып келеді.
Егер сонда да жолға шығуыңызға тура келсе, онда барынша сақтық танытыңыз, жылдамдық арттырушы болмаңыз. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз, ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
- Туыстарыңыздың да қауіпсіз жерде екеніне көз жеткізіңіз.
Зілзала жағдайында телефонды пайдаланбаған жөн, алайда ең сындарлы сәттердің артта қалғаны ресми түрде мәлім болысымен, бірден туыстарыңызға қоңырау шалыңыз. Сізден хабар алмаған соң, олар ТЖ-ны жою штабына хабарласуы мүмкін, сөйтіп сізді із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізеді. Нәтижесінде сізді іздеуге жұмсалатын уақыт пен күшке әлдеқайда тағы біреулер мейлінше зәру болуы мүмкін.
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде
Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз — олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
- ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
- сынған шынылардың құлауы;
- үзілген электр сымдары;
- пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
- өрт;
Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.
Радиоқабылдағышты қосыңыз.
Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.
Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.
Крэш-синдром деп аталатын ұзақ уақыттағы жанжу синдромы — ең қауіпті жарақаттардың бірі. Ауыр заттардың: құырылыс жиынтықтарының сынықтары, сынған ағаштардың діңгектері, массивті жиһаз бен сол тектес заттардың адамның қолы немесе аяғына ұзақ уақыт бойы жаншуы кезінде — аяқ-қолдардағы қан айналымы тоқтап қалады. Бұл адам ағзасындағы зат алмасуының бұзылуына әкеледі. Крэш-синдромның салдары ампутациямен көп жағдайда байланысты.
Зардап шеккен адамда ұзақ уақыттағы жаншу синдромы бар екенін анықтаған уақытта, зардап шеккенді қарап шығыңыз; ауруды басатын дәрмек беріңіз; жаншылған жерінен жоғары бұрау қойыңыз; кеңістікті босатып алып, оны жылытыңыз. Есте сақтаңыз, бір минутты да жоғалтпау керек. Адамды ауруханаға дереу жеткізіңіз.
Ғимараттың құлауы
Аяқасты ғимараттың толық немесе жекелеген құлауы — бұл ғимаратты жобалау кезінде кеткен қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізген уақыттағы жобадан алшақтау, ғимаратты немесе оның бөліктерін эксплуатациялау кезіндегі монтаж ережелерін бұзу салдарынан туындаған төтенше жағдайлар, сонымен қатар табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдары.
Құлауға көп жағдайда террорлық акт салдары болып табылатын жарылыстар, тұрмыстық газ құбырларының қате эксплуатациялануы, отты қауіпті пайдалану, ғимарат ішінде жеңіл жанатын және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтау да септігін тигізеді.
Кенеттен құлау ғимараттың ұзақ уақыт бойында қатардан шығуына, өрттің тұтануына, коммуналдық-энергетикалық желілердің істен шығуына, қоқыстардың жиналуына, адамдардың жарақаттануы мен өліміне әкеліп соғады.
Алдын-алу іс-шаралары
Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде әрекет ету жоспарын алдын-ала ойластырыңыз және олармен өз отбасыңыздың барлық мұшелерін таныстырыңыз. Оларға кенеттен құлау жағдайында әрекет ету тәртібі мен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндіріңіз.
Міндетті түрде жинақталған медициналық қобдишаңыз бен өрт сөндіргішіңіз болсын және қолжетімді жерде сақтаңыз. Улыхимикаттары, оңай өртенуші сұйықтықтар мен өзге де қауіпті заттарды сенімді жерде ұстаңыз. Пәтерге газ баллондарын қажет болмаған жағдайда кіргізбеңіз. Электр қуаты көзінің орнын, газ бен су құбырларының магистральді батырмаларын, электр көзін, газ бен токты кенеттен тоқтата біліңіз.
Газдың аз мөлшерде болсын таралуы кезінде оның пәтерге кіруіне тосқауыл қойыңыз, ғимаратты тексеріңіз және телефон нөмірі арқылы «Қалалық газ» 104 қызметіне хабарлаңыз. Оттың ашық көздерін, электр сөндіргіштерді және электр тұрмыстық құралдарын газды толық желденуіне дейін пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Ғимараттың дәліздерін, саты алаңын, апатты және өрт жолдарын бөгде заттармен бекімеңіз. Ыңғайлы жерде құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, қалта шамы мен қосалқы батареяларын ұстаңыз.
Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде қалай әрекет ету керек
Жарылысты естігенде немесе ғимарат өз тұрақтылығын жоғалтатынын байқағанда, құжаттарды, ақшаны және бірінші кезекте қажетті заттарды ала отырып, оны тез арада тастап кетуге тырысыңыз. Үй-жайдан шығып, баспалдақпен түсіп, лифтті пайдаланбаңыз, өйткені ол кез келген уақытта істен шығұы мүмкін. Эвакуация кезінде үрей, есіктердегі қысымның алдын алып, балконнан және терезеден бірінші қабаттан жоғары секіретіндерді, сондай-ақ әйнектелген терезелер арқылы тоқтатыңыз. Көшеде тұрып, ғимараттардың жанында тұрмаңыз, ашық кеңістікке өтіңіз. Егер сіз ғимаратта болсаңыз және одан кету мүмкіндігі болмаса, онда ең қауіпсіз орынды алыңыз: күрделі ішкі қабырғалардың ойықтары, күрделі ішкі қабырғалардың бұрыштары, каркас арқалықтарының астында. Егер балалар сізбен бірге болса, оларды өзіңізбен тосқауыл болып жабыңыз. Қажет болған жағдайда өзіңіздің шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін пәтер есігін ашыңыз. Үрейленбеңіз және тыныштықты сақтаңыздар, қатысушыларға қолдау көрсетіңіз. Терезеден, электр құралдарынан алыс ұстаңыз, дереу суды, электрді және газды өшіріңіз. Егер өрт пайда болса, бірден оны өшіруге тырысыңыз. Телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102 тел.), өрт сөндірушілерді (101 тел.), дәрігерлерді (103 тел.), құтқарушыларды (112 тел.) шақыру үшін пайдаланыңыз. Балконға шықпаңыз. Сіріңкені пайдаланбаңыз, себебі газдың шығу қаупі болуы мүмкін.
Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажет
Терең демалыңыз, дағбырға бой алдырмаңыз, ең маңыздысына ойыңызды жинақтаңыз, кез-келген жолмен тірі қалуға тырысыңыз, көмектің міндетті түрде келетініне сеніңіз. Мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Болған жағдайға икемделуге тырысыңыз және жан-жағыңызға қараңыз, мүмкін жолын іздестіріңіз. Сіз қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз: тыңдаңыз, дыбыс білдіріңіз. Адам энергиясын бекерге шығындамаған жағдайда шөл мен аштыққа ұзақ уақыт бойы шыдауы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Қалтаңыздан немесе жақын арадан жарық немесе дыбыс сигналдарын беруші (мысалы, қалта шамы, айна, сонымен қатар құбырды немесе қабырғаны ұруға мүмкіндік беретін металл заттар, сол арқылы назар аудару) заттарды іздестіріп көріңіз. Егер жалғыз шығу жолы болып тар тесік табылса — сол арқылы өтіңіз. Ол үшін бұлшықеттеріңізді босаңсытыңыз және шынтағыңызды денеңізге бүркеп қимылдаңыз.
Түтінделген үй жағдайдағы әрекеттер
Түтіннің иісі сезілсе, келесі әрекеттерді орындау қажет: жану орнын анықтаңыз (дәл не жанып жатыр);
өрт ошағын өз бетінше қолда бар құралдармен сөндіруге тырысу, қажет болған жағдайда адамдарды көмекке шақыру;
егер жану ауыр болса-өрт сөндіру қызметін шақыру;
егер жанып жатқан бөлмеден көмек туралы айқай естіліп, есік жабық болса, оны ашуға тырысыңыз;
егер өрт дәлізді жауып, шығу жолдарын жауып тастаса, орнында қалу керек;
алдыңғы есікті мықтап жабыңыз;
пәтерге күйдіргіш өнімдердің кіруіне жол бермеу үшін желдеткіш саңылаулары мен есіктерді тығыздықсыз дымқыл көрпелермен (жаймалармен) жабу;
есік қорабында дымқыл шүберекпен жабыңыз;
өрт кезінде кіреберістегі лифтіні пайдалануға болмайды.