ШЫМКЕНТТЕ ГАРАЖДА 19 ЖЫЛ САҚТАЛҒАН ЖАП-ЖАҢА ВАЗ 21099 САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

174
0

Шымкентте 19 жыл бұрын зауыттан шығып, содан бері гаражда сақталған ВАЗ 21099 көлігі сатылымға шықты, деп хабарлайды uakit.kz tenginews.kz-ке сілтеме жасап. Отандық сайт бұл мәліметті kolesa.kz порталынан алған.

2001 жылы шыққан көлікті иесі 5,7 миллион теңгеге саудалап отыр. Ал мұндай маркалы темір тұлпардың нарықтағы орташа бағасы 650 мың теңге шамасында.

Автокөлік бар болғаны 1024 шақырым жол жүрген. Ол Қазақстанға 2001 жылы жеткізілген.  Содан бері жылы гаражда сақталған.  Темір тұлпар иесі  жап-жаңа ВАЗ 21099 туралы көлігі  коллекцияны жасайтындар және бұрынғы заманды аңсайтындар үшін арналғанын айтады. Көлік иесі автокөліктің қымбатқа бағалануын осындай мысалдармен түсіндірген.

uakit.kz

Сурет: kolesa.kz