ШӨКЕЕВ БАРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ

ШӨКЕЕВ БАРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ

«Құрғақ сөз айтатын уақыт кетті. Нақты және нәтижелі жұмыс болсын. Жүктелген тапсырмалар міндетті түрде орындалуы керек. Атқарылатын барлық жұмыстарды қадағалайтын боламын».

Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтің былтыр атқарған жұмыстарымен танысу кезінде осылай деген. Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі мәлімдейді.

Өз кезегінде Мұхит Отаршиев өткен жылы ауданның  емдік суынан шипа іздеп келген туристер саны 123 мыңнан асқан болса, биыл олардың саны 15%-ға артады деп күтілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол, 40-қа жуық сауықтыру шипажайы, балалар шипажайлары, гольф клубтар мен 20-дан астам қонақ үй жұмыс істейтін ауданда  туризмді дамыту барынша жүзеге асырылатынын айтты.

Оның сөзінше былтыр аудандағы жалпы өнім көлемі 77 млрд. теңгеден асқан екен. Алдағы уақытта ауданның егістік алқабы 65 мың гектарға ұлғайтылып, жылыжай шаруашылығы мен тамшылатып суару әдісін қосымша 400 гектар жерге жаңадан ендіру жұмыстары жүргізілмек. Ауданда  жеміс-жидек өнімдерін өсіруді кеңейту көзделмек.

uakit.kz