МАҚТААРАЛ: ЖАҢАТҰРМЫС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СУ ДЕҢГЕЙІ 17 СМ-ГЕ ТӨМЕНДЕДІ

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі ағымдағы жылдың 4-мамыр күнгі жағдайымен салыстырғанда төмендей бастады.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы Өңірлік коммуникация қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап мәлімдейді.

Атап айтқанда, Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су 14 см-ге, Жаңатұрмыс елдімекенінде 17 см-ге төмендеген. Сондай-ақ, Өргебас ауылының кіре берісінде 11 см, К-15-9 А каналының маңында – 13 см., Арай елдімекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 см-ге азайды.

Қызыл су көлемі Шұғыла ауылындағы ВС-12 коллекторының бас жағында 0,05 см, Нұрлы жол ауылының М-39 автомобиль жолы жанындағы К-15-М-А каналында 8 см-ге, осы ауылдың маңында орналасқан ЦГК арнасында 5 см-ге төмендеді.

Бұдан бөлек, Қоғалы ауылында су тоғыз сағат ішінде 3 см-ге, коллектор орналасқан аймақта 2 см-ге азайған.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ