ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жақып АСАНОВ: «КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕ ЖҰРТ СОТҚА ЖҮГІНУДІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛМЕЙТІН»

420
0

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында осылай деді. Бұл туралы Sputnik мәлімдеді.

Жақып Асанұлы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы конституциялық заңының жобасының қаралымы кезінде былай деген.
«Бір сөзбен айтсақ, кеңес дәуірінде сотқа бүгінгідей сұраныс болған жоқ. Тіпті, жұрт сотқа жүгінудің не екенін білмейтін. Сот көбінесе құлайын деп тұрған ғимаратта орналасатын. Егемендік алғаннан кейін нарыққа көштік. 90-жылдары меншікке қатысты дауларға қылмыскерлер мен рэкеттер араласты. Сол кезде Елбасы «Адамды әкім, министр, тіпті, президент емес, сот қорғайды» деп шегелеп тұрып айтқан еді», — деді ол.

Жақып Асановтың айтуынша, бүгінде халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ сынды ұйымдар Қазақстанның сот жүйесіне қызыға қарайды. Бұл мақтау сөздер көбінесе соттың қолжетімділігіне қатысты айтылған. Себебі, бүгінде қазақстандықтар көршісімен айтысып, сотқа жүгінсе — 1 200 теңге, ажырасқысы келсе — 720 теңге төлейді. Екіншіден, Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан сотының дауды тез шешетінімен көптің көзайымына айналып жүргенін айтты.