ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Шымкентте «Заң керуені» республикалық акциясы аясында кезекті кездесу Әл-Фараби ауданына қарасыты Бам мөлтек ауданында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бас прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Заң керуені» республикалық акциясы өз жалғасын табуда. Акция аясында Шымкент қаласының және Әл-Фараби ауданының прокуратурасы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері жоғарғы және төменгі Отырар, М.Дулати, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Д.Қонаев көшесінің жоғарғы бөлігі, Кіші Самал, Наурыз, Бам мөлтек аудандарының тұрғындарын Бам мөлтек ауданында орналасқан № 62 жалпы орта мектебінің акт залында жеке қабылдау өткізілді.
Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Жалпы «Заң керуені» акциясы оңтайландыру арқылы халықты әуре-сарсаңға салмау халықтың тығыз орналасқан жері бойынша кездесу өткізуде. Аталған акцияға 100-ден астам тұрғындар қатысты, оның ішінде 40-қа жуығы көмек алды. Аталған іс-шара 4 қараша күні Әл-Фараби ауданының аумағында Тауке хан 5 мекен-жайында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өз жалғасын табады.
Айта кету керек, ҚР Бас Прокурорының бастамасымен 1 қараша күні «Заң керуені» акциясы басталып, өз жұмысын бастап кеткен болатын. Акцияның негізігі мақсаты-халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеті арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту. Республикалық акциясы аясында құқықтық қызмет көрсету барысында өзекті мәселелердің шешімі бойынша заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар алуға болады.