ШЫМКЕНТТЕГІ «ОТЫРАР»КІТАПХАНАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

423
0

Шымкенттегі  «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының басшысы жаңарды. Рухани орданың басшылық қызметіне айтыскер ақын, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Анар Жаппарқұлова тағайындалды.


Ұжымды жаңа басшымен Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев таныстырды.
Анар Абусайылқызы осыған дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында декан  қызметін атқарған.

Сурет: ашық дереккөз