ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Шымкентте «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» және «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Жиынға жиналған жастарға тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар жайында сөз қозғалды. Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі.
Кездесудің мақсаты жастарға отбасы құндылығы бойынша және бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Іс-шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова, Жастар ресурстық орталығының маманы Әлім Арайлым және «Шымкент мамандандырылған колледжінің» студенттері қатысты.
Аталмыш шара барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.