ҚОРЫМ АУМАҒЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

726
0

Шымкентте 80-нен астам қорым жер бар. Оларды күтіп ұстау қоғам үшін зор міндет. Осы мақсатта Шымкенттегі Әл-Фараби ауданындағы мазараттарға тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасы аясында аудан аумағындағы мазараттар маңы көзге қораш көрініп жатқан қоқыстардан тазартылып, қоршаулары ретке келтірілді. Сондай-ақ, аталған аумақта шөп орылып, сынған ағаштар шығарылды. Жалпы Әл-Фараби ауданында 5 мазарат бар. Олар «Сәуле», «Ақтас», «Ақтас-2» шағын аудандары, 275 орам мен «Текесу» тұрғын алабында орналасқан. Ол жерлерде жауапты мекеме аптасына 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Десе де, жергілікті билік тұрғындардан қаланың абатына да, ауасына да кері әсерін тигізетін қоқысты тазалап емес, оны тастамауға үйренуге шақыруда.