330 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР

Елімізде көлік салығы бойынша берешек өңірлер белгілі болды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 335 мың жеке тұлғаның көлік салығы бойынша 10,7 млрд теңге қарызы бар.

Көлік салығы бойынша берешек өңірлер:

— Алматы қаласы 2,1 млрд теңге (39 мың жеке тұлға);
— Астана қаласы 1,3 млрд теңге (33 мың жеке тұлға);
— Шымкент қаласы 885 млн теңге (28 мың жеке тұлға),
— Шығыс Қазақстан облысы 213 млн теңге (8 мың жеке тұлға)