МЕГАПОЛИСТЕ МАКАРОН ӨНДІРІСІ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ

814
0

Шымкентте ТМД елдері мен Орта Азия өңірі нарығында үздік макарон өнімдерін өндіретін «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, өндірістік қуатын кеңейтті. Аталған бағдарлама аясында қол жеткізілген қаражат жаңа цех құрылысына, жабдықтар сатып алуға, қоймаларды қайта құру және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. Жобаны Халық Банкі қаржыландырды.

Соның есебінен кәсіпорын өндіретін өнімінің жалпы сатылымының экспортқа тиесілі бөлігін 35 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 20 пайызды құрайды.
Айта кетейік, макарон өнімдерін шығаратын «Барыс 2007» кәсіпорны 2007 жылы құрылған. Оның ашылу салтанатына сол кездегі Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Жобаның ұйымдастырушысы, ауылшаруашылығы саласында және астық өңдеу саласында, диірмен және макарон өндірісін құруда үлкен тәжірибесі бар кәсіпкер Мұқан Наимбеков болып табылады.
Кәсіпорын Шымкент қаласы Тассай шағынауданында 3,25 га өндірістік алаңды сатып алған. 2008 жылы компания төртінші (соңғы) буынды компьютерлендіру деңгейімен жабдықталып, осы салада әлемдік көшбасшы «PAVAN Mapimpiati SPA» итальяндық компаниямен келісім шарт түзген. Бұл желінің өнімділігі мен IT-технологияларды қолдануы бойынша Қазақстан мен Орта Азияда аналогтары жоқ.
Қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорынның өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, жақын шет елдердің азық-түлік нарығында зор сұранысқа ие.