5 ЖЫЛДА 227 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

50
0

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Жобалардың жалпы құны 1,7 триллион теңгені құрайды және жаңадан 18 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде 2023 жылы құны 129 миллиард теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 84,8 миллиард теңгеге келіссөздер жүргізіліп, даму стратегиясы нақтыланған инвестициялық жобалар тартылған. Айта кетейік, 2023 жылдың алғашқы үш айында Шымкент қаласына 84,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Талғатұлы брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің сөзінше, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6% құрады. 2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды. Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 2021 жылы жалпы құны 152,6 миллиард теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды. Жалпы 2023 жылы үшінші мегаполиске 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.