ҚАЛА ӘКІМІ №5 ЕМХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

165
0

Қаладағы емханалардың қызмет көрсету сапасы мен медицина мекемелерінің барлық қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілу барысын қадағалау мақсатында қала әкімі №5 қалалық емханаға барды.

Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымның барлық процестері автоматизацияланған. Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатриялық учаскелер, гинекологтар, тағы басқа салалық мамандар қабылдау жүргізеді.Онда жалпы 400 -ден аса қызметкер жұмыс істеуде.

Емдеу мекемесіне 59 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген. Ол пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетіледі.

Ұйымда емдеуге жатқызу бюросы порталы (БГ), медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі, пациенттерді қолдау қызметі енгізілген. Емханада барлық орталықтандырылған коммуникациялық жүйелері бар. Медициналық мекемені аралау барысында шаһар басшысы саланың өңірдің, жалпы елдің дамуындағы маңызы айрықша екеніне тоқталып өтті. Алдағы уақытта үшінші мегаполисте медицина саласының дамуы мен қоғамдық денсаулықты сақтау ісін ілгерілету бағытында істелетін жұмыстар жалғасатынын да тілге тиек етті.

 

Жалпы Шымкент қаласында қоғамдық денсаулықты сақтау мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында көптеген игі бастамалар көтеріліп келе жатыр. Емханалар мен ауруханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарып, ғимараттар күрделі жөндеуден өтуде. Ал атқарылған жұмыстар жайы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей бақылауында екенін де баса айтқымыз келеді. Бұдан бөлек, бұқаралық спортты дамыту ісі де басты назарда. Қазіргі уақытта қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларымен қатар бұқаралық спорт түрлерімен айналысатын құрал-жабдықтар да орнатылуда.