ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

182
0

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрғындар газ жабдықтарының техникалық жай-күйін, қауіпсіздігін және жыл сайын техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға, ал қызмет көрсетуші ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда осы талаптар тиісті дәрежеде сақталмау салдарынан тек 2022 жылдың 4 айында улы газдан уланудың 78 фактісі тіркеліп, 8 адам қайтыс болған.

Осы орайда, прокуратура бастамасымен бір тұрғынның улы газдан уланып, денсаулығына зиян келу фактісі бойынша ҚК-тің 306-бабының 1-бөлігімен (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.
Бұдан бөлек, 2 қылмыстық іс тергелу сатысында.

Тұрғындардан газ құрылғыларының үйішілік техникалық қызмет көрсету жөнінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйымдармен шартты міндетті түрде жасау және олармен техникалық қызметтердің сапалы жүргізілуін талап ету, сонымен бірге тұрмыста газды пайдаланудың Ережесін сақтау, газ құрылғыларының ақаулары пайда болған жағдайда тек қана газ саласындағы мамандарға жүгіну сұралады.
Сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуші ұйымның тиісті төлемді алып, газ жабдықтарының жай-күйіне тексеру жүргізбеген жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция бөліміне (24-75-04, 8-702-671-19-92, 8-707-230-36-17, 8-701-570-00-27, 8-775-274-54-05), ал аталған мемлекеттік орган әрекетсіздік танытса қала прокуратурасына (53-91-84) шағымдануға құқылы екендіктеріңізді түсіндіреміз.