ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

69
0

Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабы аумағындағы “Казавтоматика” (өндірісітк коопертив) Горького көшесі, “Казавтомонтаж” (өндірістік кооператив) Мерецкого көшесі, “Механизатор” ӨК Малиновая-2 көшесі, “Шымкентмелиорация” ӨК Южводострой көшесі және “Цементник” ӨК Виноградная көшесі орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, аталған көшелерге асфальт жабындысының бірінші қабатын төсеу жұмыстарын жүргізу барысында.

Жалпы автомобиль жолдар саласы нақты 8 бағытта жұмыс атқарады. Олар — жол құрылысы, қайта құру, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, жолдарды күтіп ұстау, шағал тас төсеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аялдама орнату.

Айта кету керек, бұдан біраз уақыт бұрын шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталған тұрғын алапқа барып, атқарылған жұмыстармен танысқан болатын. 60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен. Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде. Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда. Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы — 206,7 шақырым. Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.

2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылды. Ал 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады. Нысандарды тексеріп шыққан қала басшысы мердігерлер мен тиісті сала басшыларына жұмыстардың мерзімдік және сапалық міндеттемелерге мұқият болуды тапсырды.