«МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

147
0

Ағымдағы жылдың 9 маусым күні «Арбат» алаңында сағат 16.00-де жұмыссыз азаматтарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараның мақсаты — қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жүрген азаматтарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беру және кеңес алу.
Жәрмеңкеге 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер қатысып, 5000-ға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Қала жастарына 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны»,»Ұрпақтар келісім шарты»,»Күміс жас» бағыттары бойынша ақылы жұмыстар да ұсынылады.Сонымен қатар, қала азаматтарына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары,Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы мәлімет беріледі. Сондай-ақ, іс-шара аясында қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесі (түйіндеме құрастыру үлгісі, ЭЦҚ кілтін ашу және enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері және т.б.) беріледі.

Бүгінгідей сын сағатта аталған бастаманың орны айрықша. Екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға сеп болуда. Бастамамен жұмысқа орналасып, нәсібін тауып жүрген азаматтар да көп. Тиісті басқарма тарапынан өткізіліп жатқан «бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Осы арқылы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі саналатын жұмыссыздық мәселесімен күрес қарқынды түрде жүрмек. Қала берді, қаладағы мекемелер де аталған бастамаға қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын ұсынып келеді.