ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ ӨРТТІ АЛДЫН АЛАДЫ
Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Желтоқсан көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы болып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.
Келіп түскен хабарламаға сәйкес №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен жеке құрам қызметкерлері өрт сөндіру автокөлігімен шығып, оқиға орнына жедел жетеді. Құтқарушылар хабарламада көрсетілген мекенжаға жеткен кезде үйдің жол бойында орналасқан электр бағанасының электр сымдары қысқа тұйықталуы салдарынан түтегенін анықталған. Оқиға өртке ұласпаған. Зардап шеккендер болмаған.
Өз кезегінде мамандар электр құралдарын дұрыс пайдаланбай, желігне артық жүктеме түсіру электр жүйелерінің қысқа тұйықталуына өз әсерін тигізетінін алға тартады. Сондықтан да электр құралдарын жұрыс пайдалануға шақырады. Осыған байланысты өрт сөндірушілер келесідей кеңес айтады.
Электр құралдарын электр желісінен ажыратпау – өрт жағдайының болуына апаратын себептің кең тараған түрі. Тұрмыста әрбір адам қолданатын электр құрылғысы телефон қуаттау құрылғысы. Әрбір батареяның электр сыйымдылығы бар. Мысалы, электр тоғы арқылы жұмыс істейтін құрал 2 сағаттың ішінде қуатталса, батарея әрі қарай электр тоғын жинай алмайды. Тез арада электр желісінен ажыратылмаса атылады. Яғни, құрал 100 пайыз зарядталған соң, аккумулятор толмайды. Тек ток аккумулятор арқылы өтеді. Сол кезде аккумулятор ішіндегі пластиналар, химиялық қоспалардың физикалық және химиялық қасиеттері өзгереді де, өкінішті жағдайға ұласуы әбден мүмкін.
Өз кезегінде телефонды түнде қуаттағыш құралға қосып, алаңсыз ұйқыға кету Сіздің және жақындарыңыздың өмірі үшін қауіп әкелетінін қажетсіз әдет екенін біле жүріңіз. Күнделікті өмірде телефонды ток көзіне қосу жағдайы көп қайталанады. Міне сол қуатталып тұрған телефонды қараусыз қалдыру салдарынан балалар оны ұстап, тістелеп ойнауы ғажап емес. Сондай кезде балаларды ток соғуы әбден мүмкін.
Мұндай оқыс жағдайлар болмас үшін телефонды қуаттағанда құралды балалардың қолы жетпейтін жерге орналастырған абзал.