АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

157
0

Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700- ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар.

Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тарту жұмысы атқарылып жатыр.

Шағынауданның қалған бөлігін мемлекеттік жүйедегі электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы биыл атқарылады. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Асар-2 ықшам ауданында кәріз құрылысы да қарқын алған. Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шақырымды құраса, бүгінде оның 40 пайыздан астамы орнатылды. Нысан келер жылы қолданысқа беріледі.

Айта кету керек, соңғы жылдары Шымкент қаласына қарасты шалғайда жатқан елді мекендер мен ықшамаудандардың өзекті мәселесіне баса назар аударылып келе жатыр. Биыл қаладағы көгілдір отынға қойылған мораторий өз күшін жойды. Алдағы уақытта қалада табиғи газге қатысты тапшылық болмайды. Қазіргі уақытта шалғайдағы елді мекендер мен ышқамаудандарға газ құбырларын тарту бойынша бастамалар көтеріліп, жүзеге асырылып келе жатыр. Бұдан бөлек, көшелерді жарықтандыру ісі де қарқын алған. Бүгінде аталған бағыттағы жұмыстар мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар су мен сапалы электр жарығы мәселесі де жуық арада шешімін табады. Бұл үшін бюджеттен қыруар қаржы да бөлінген. Тиісті жұмыстар қолға алынғанын да айта кету керек. Сондай-ақ ағымдағы жылы елді мекендердің ішкі орамдық көшелерінің сапасы да арта түседі. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың баршасы шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тіккелей бақылауында екенін айта кеткен жөн.