БАЛТА ҰСТАҒАН БАСБҰЗАР СОТТАЛДЫ

452
0

Шардара ауданының тумасы Ф.Хуснимарданов Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 24-бабының 3-бөлiгi, 96-бабының 1-бөлiгiмен кiнәлi деп танылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесiлдi. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимiнде өтеуге үкiм шықты.

Сотталушы өз үйiнде үстiмiздегi жылғы наурыз айының 20-ы күнi сағат 20.00-лар шамасында бұрынғы досы С.Беркiнбаевтың ұлы Д.Беркiнбаевты спирттi iшiмдiк iшiп келiп, өзiне  жөнсiз тиiстi деген уәжбен басына балтаның жүзiмен төрт рет ұрады. №20 сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша Д.Беркiнбаевтың бас миының ашық түрде жарақаты, оң төбе шүйде сүйегiнiң ашық сынығы, мойын омыртқаның таюы, оң құлақ қалқаншасының оң ұрт аумағының жарақаты бары анықталды. Дәрiгерлiк көмектiң дер кезiнде көрсетiлуi негiзiнде оның өмiрi сақталып қалынды. Жәбiрленушiнiң айтысына қарағанда, спирттi iшiмдiк iшкенiн, алайда сотталушыға жөнсiз тиiспегенiн растайды. Дегенмен, Ф.Хуснимардановтың үйi өртенiп кеткенiн, жас балалары барын айтып, сотталушыға кешiрiм жасағанын мойындады. Әйтсе де сот Ф.Хуснимардановтың әрекетiн қасақана адам өлтiру мақсатында туындаған деп дәрежелеп, жетi жарым жылға соттауға үкiм шығарды.

Р.ЗАППАРОВ,

ОҚО Қылмыстық

iстер жөнiндегi

мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.