15 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЕМХАНАҒА ЕРІКТІ ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айлүл Бекбауова мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.
«Елімізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрімен бекітілген қағидаға сәйкес, 2022 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша күндері аралығында 2023 жылға бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі — БМСК) көрсететін ұйымдарына ерікті тіркелу науқаны жүргізіледі» — деді спикер.
Емханаға бекіту екі әдіспен жүзеге асырылады. Бірінші әдіс, бұл барлық азаматарға арналған. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бекіту: www.egov.kz. сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Өрістерді толтыру арқылы медициналық ұйымға өтініш беру керек. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде бекітілгені туралы хабарлама беріледі.
Екінші әдіс, бұл, халықтың жекелеген санаттарына арналған. Емханаға тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінім ресімдеу арқылы бекітіледі.
Өтінішті мынадай санаттағы азаматтар бере алады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектер;
3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);
4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);
5) студенттер, сондай-ақмедреседеоқитынстуденттер;
6) мерзімдіқызметәскериқызметшілері;
7) шетмемлекеттердетуғанбалалар;
8) сәбилер, жетімдер, қарттарүйлеріжәне т. б.;
9) сенімхатбойыншабекітуді рәсімдейтіндер.
Қазақстанда жыл сайын осы уақытта МСАК медициналық ұйымдарына халықты еркін тіркеу науқаны жүргізіледі. Медициналық көмекке қол жеткізбей қалмау үшін тіркелудің мәртебесін тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы тексеру ұсынылады. Тіркеу немесе қайта бекіту кезінде емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер науқасқа үйге бара алады. Науқан кезінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, азаматтар медициналық көмекті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Яғни, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, елдің аумағында уақытша болатын немесе баспана іздеп жүрген азаматтығы жоқ шетелдік адамдарды емханаға бекіту ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне ғана жүзеге асырылады. Осыдан кейін олар медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады.
Еуразиялық Экономикалық Одаққа (Әрі қарай — ЕАЭО мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттарының міндетті түрде МСАК қызметтеріне ерікті медициналық сақтандыруы болуы қажет. Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады. ҚР аумағына уақытша келген шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесінде қазақстандық азаматтармен бірдей құқықтарды пайдаланады және міндеттер атқаратындығын (ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағы) атап өту маңызды,– деді медициналық сақтандыру қорының жеткешісі С.Құралбек мырза.