КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ
Қаратау әкімінің орынбасары Парманов Азамат Бұхарбайұлы және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Қаратау ауданының жастарымен өтті.
Кездесу барысында Қаратау ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Сонымен қатар, жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттап атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру, «Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту, ІТ бағыты бойынша жұмыстарды толықтыру, үйірме санын арттыру сыңды ұсыныстар ұсынылды.
Азамат Бұхарбайұлы «Жастарға мемлекетіміз тарапынан көптеген мүмкіндіктер жасалынып жатыр. Президентіміздің анықтап берген жастарға арналған басымдықтарды іске асыруға, осы бағыттан жаңылмай, өткеннен өнеге ала отырып, көздеген мақсаттарымызға бірге қол жеткізуіміз қажет» деп өз ойын қорытындылады.
Елдің келешегі – білімді жастар. Сондықтан мұндай жиындардың маңызы қашан жоғары. Жоғары болып қала бермек. Осы орайда айта кетерлігі, шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің өзі жастармен ұдайы жиын өткізіп, мәселелерін тыңдап келе жатыр. Күні бүгінге дейін жастар тарапынан бірқатар өткір де өзекті мәселелер көтеріліп, шешімін тапты. Бұдан бөлек, жастар саясатын дамыту, жұмыссыздықпен күрес сынды өзекті түйткілдер бойынша да тың ұсыныстар айтылып, қолдау тауып келеді.