ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

138
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым нысандары жұмыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.
Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың 90%-ы атқарылған. Қыркүйек айының соңында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек. Нәтижесінде, Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа елді мекендеріндегі 1 729 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11%-ға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ. Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Жуырда Қаратау ауданына қарасты Азат шағын ауданы тұрғындарының газ мәселесі шешімін тапқан болатын. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге халық қалаулылары, “ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы директоры С.Исмайлов және халық қалаулылары, “Қоғамдық кеңес” төрағасы Б.Әлтеев пен жергілікті тұрғындар, сондай-ақ, БАҚ өкілдері бүгінгі қуаныштың куәсі болды. Мұнда 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылмақ. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілуде. Биыл қала бойынша 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ. Қала басшысы күн суытпай абоненттеу жұмысын аяқтауды тапсырды.