ЕКІ АУДАНДЫ ЖАЛҒАП ТҰРҒАН АСПАЛЫ КӨПІР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

133
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жеке инвестор есебінен салынып жатқан көпірдің ұзындығы 18 м, ал ені 5 м. Еңбекші ауданындағы №12 қалалық аурухана мен Қаратау ауданына қарасты орталық аурухана ортасын байланыстарын, басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға төте жол салып тұрған көпірдің тұрғындар үшін ыңғайлы. Жаңа көпір жол кептелісін және жүктемесін азайтуға септігін тигізбек.
Еске салайық, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін аспалы темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген. Аталған бастама толық жүзеге асса, өңірдегі тұрғындардың тағы бір толғақты мәселесі шешімін таппақ.

Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан каналдарға барып, іс барысын бақылаған болатын. Бұған дейін “Чучмак” және “Көк” каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын кешіктірген мекемелерге 10 млн тг. көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі кезде құрылыстың 80% бітті. Жоспар бойынша қараша айында ел игілігіне берілуі тиіс. Ол үшін қыркүйек айының 10-ынан бастап ағын судың тоқтайтынын шаруаларға алдын ала ескерту керек. Осылай деген шаһар басшысы ауылшаруашылығы және табиғат басқармасына түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізуді тапсырды. Бұдан соң қала әкімі “Шапырашты”, “Сай ниже водопада” каналдарының да күрделі жөндеу жұмыстары барысын көрді. Сала мамандарына “Сай ниже водопада” каналына қойылып жатқан блоктардың сапа сертификатын тексеріп қабылдауды тапсырды. Әзірге мұнда істің 20% атқарылған. Нысан келесі жылға өтпелі.