ТҮРКІСТАНДА ГАЗ ОРНАТЫЛҒАН АБОНЕНТТЕРДІҢ 75 ПАЙЫЗЫ ӨРКЕНИЕТ ИГІЛІГІН КӨРІП ОТЫР

109
0

Бүгінде Түркістан қаласы аумағында 40541 абонентке газ орнатылған. Оның ішінде 34031 абонент немесе 75 пайызы көгілдір отынмен жылынып отырса, қалған 6482 үй көмір қолданып отыр.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған мәліметтерге сүйене отырып хабарлайды.

Өркениеттің игілігін көру ғанибет. Дегенмен де қауіпсіздікті сақтамаса одан келер қауіп зор. Осыған байланысты  Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасы алдағы жылыту маусымында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, азаматтардың улы газбен улануын алдын алу  бойынша түрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес түсіндіру жұмыстары 39946 тұрғын үйлерді (оның ішінде 7534 көп қабатты тұрғын үй) қамтуы тиіс. Қазіргі таңда №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, газ инспекциясының мамандары басқарма қызметкерлері күшейтілген түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі жағдай бойынша межеленген міндетке сәйкес 1860  жеке тұрғын үй секторлары араланып, (оның ішінде 575 көпқабатты тұрғын үй) 7465 адам қамтылған. Аралау жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы әзірленген 2000 дана жадынама парақшалары таратылған. Сонымен қатар, қала аумағының көрнекті жерлеріне «Иісті газдан улану», «Өрт қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында 3 баннер ілінді. Әлеуметтік желілерде арнайы дайындалған  бейнероликтер жүктелді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтар -26 наурыз аралығында дәл осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері 25493 тұрғын үйді аралаған.