ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҮРУДЕ

106
0

«Қыс-қыр астында». Жылыту маусымы басталатын уақыт та таяп қалды. Осыған байланысты Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасы тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, азаматтардың улы газбен улануын алдын алу  жұмыстарына кірісіп кетті.

Бұл туралы uakit.kz хабарлайды.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жергілікті атқарушы органдармен атап айтқанда, қалалық полиция басқармасы, тұрғын үй инспекциясы, «ҚазТрансГазАймақ», адами әлеуетті дамыту бөлімі, газ инспекциясымен бірлесе жасаған іс-шаралар жоспарына сәйкес қала аумағындағы әлеуметттік жағдайы төмен 482 отбасы бар тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласы әкімімен бекітілген жоспарға сәйкес 2022 жылы 499 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 142-не  улы газды анықтайтын дабылқаққыш құрылғысы орнатылды.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов мұндай құрылғыны келер жылы Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы ұсынған 482 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 129-на орнату жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Одан өзге ол қазіргі таңда, қала аумағындағы 6-сектор тұрғындар алабында, яғни   39946 тұрғын үйлерге (оның ішінде 7534 көпқабатты тұрғын үй) №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері, газ инспекциясының мамандары және басқарма қызметкерлері күшейтілген түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар аралау жұмыстары барысында 6 тұрғын үйден «Иран» пеші анықталып, басқарма және газ инспекциясы тарапынан үй иелерімен бірлескен акт түзіліп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалына тиісті шара қабылдау үшін хат жолданған.