ШЫМКЕНТТІКТЕР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА АЙРЫҚША МӘН БЕРУДЕ

108
0

Шымкенттік жасөспірімдер спорттың бірнеше түріне өтетін «Аула чемпионаттары» спорттық сайыстарына қатысуда, деп хабарлайды Uakit.kz.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қала аумағында жалпы- 346 алаңша жұмыс істеп тұр. Жоғарыда көрсетілген яғни төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылуда.

Аталған спорттық іс-шараға 5-17 жас аралығындағы балалар спорттың 6 түрінен қатысады. Атап айтқанда: асық ату, ләңгі тебу, баскетбол добын торға түсіру, футбол қақпасына доп тебу, қыздар арасында скакалкамен секіру және де гимнастикалық шеңбер айналдыру сынды сайыстарға түсуде. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілуде.

Бүгінгі күнге дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 48 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3600 ден астам балалар қатысып, 120 ға жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды. «Аула чемпионатын» жыл соңына дейін спорт алаңшаларда әр ауданда орналасқан 32 алаңшада өткізілетін болады, аталмыш шара жыл соңына дейін өткізу жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Жалпы Шымкент қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды құрайды. Бұл дегеніміз салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрап отыр. Осылайша еліміздің үшінші мегаполисінің тұрғындары спортқа айрықша мән беріп отыр.