ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ГАЗ СТАНЦИЯСЫ САЛЫНБАҚ

103
0

Шымкентте қоғамдық көліктерді газ отынымен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан газ станциясы салынбақ, деп хабарлайды Uakit.kz.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут өз қызметін көрсетуде. Күнделікті маршруттарға 882 автобус жолға шығады. Жалпы  қазіргі уақытта қоғамдық көліктердің саны резервпен қоса есептегенде 1000-ға жуық. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89% құрайды. Жолаушыларды тасымалдаумен жеке меншік нысанындағы 10 компания өз қызметін көрсетіп отыр.

Естеріңізде болса, жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынған болатын. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда қызметімен айналысуда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолаушылардан келіп түскен өтініштерін есепке ала отырып, қоғамдық көліктің 80 пайызын сағат 20:00-ден кейін жүру уақытын басты мінде етуде. Осы орайда, рейстерді есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасына түзетулер енгізіліп, автобус өтуге міндетті бақылау аялдамалары анықталды. Жоспарлы рейстер сағат 20:00-ден кейін орындалмаған, бақылау аялдамалары арқылы өтпейтін немесе рейстің жартысы орындалатын жағдайда рейстер мен шеңберлер автоматты түрде есептелмейді. Тиісінше, төмен жүйелілікті орындау есебінен субсидиялар сомасы қысқартылатын болады.

Айта кету керек, жолаушы «Tolem» картасы, SMS код немесе QR- код арқылы төлей алады. Егер жол ақысын қолма-қол төлеген жағдайда, міндетті түрде билет беруді талап ету керек.