ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ — БАСТЫ МІНДЕТ

109
0

Шымкенттің еңбек нарығының тиімділігін арттыру, мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту міндеттері жоғарғы деңгейде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Uakit.kz.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында 2022 жылы 24 196 жұмыс орыны құрылатыны жоспарланған. Оның ішінде 14 517 тұрақты болса, 9679 уақытша жұмыс болып табылады. Даму жоспары аясында ұлттық жобаларға 10 552 жұмыс орны ашылған. Оның 7584 уақытша, ал 2968 тұрақты жұмыс орын. Сондай-ақ, жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары яғни жеке меншік бала бақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқада қызмет көрсететін ұйымдар 13 644 орын ұсынып отыр. Оның да 2095 уақытша болса, 11549 орын тұрақты орын.

Одан бөлек, 2022 жылдың 1 қазанына 20 277 орын ашылған. Оның 14 366 тұрақты жұмыс орындар, 5 911  уақытша жұмыс орындары болып табылады. Бүгінгі таңда «Ұлттық рухани Жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 46 орынға нақты 24 адам жұмысқа орыналасқан. Ал «Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасы 1640 орынға, 774 адам қабылданған. «Қазақстандықтардың әл – ауқатын арттыруға бағытталған 2021 – 2025 жылдарға арналған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасына — 716 орын қарастырылған, онда 24 адам қызмет етуде. Ал «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 5 969 жұмыс орын болса,  бүгінде 5 654 адам еңбек етуде.

Одан бөлек «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде 397 орын қарастырылса, қазірде 5  азамат қызмет етуде. «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына  840 жұмыс орын ұсынылған, онда қазір 581 адам жұмыс істеуде.  Сондай-ақ, «Шағын және орта бизнеске арналған жеке бастамалар шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар бағдарламасы» аясында 13 644 жұмыс орын ашылған, оған 13 215 адам тартылған. Сонымен қатар, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасына 200 орын, «Экономиканың басқада салалары» ұлттық жобасына 744 жұмыс орындары ұсынылған.

Құрылған жұмыс орындарының есебі арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жауапты салалық басқармалар тиісті мәліметтерін енгізуде. Құрылған жұмыс орындарына жұмыстан босаған азаматтар, яғни жұмыссыз азаматтар жолданатын болады.