ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЖОЛ КЕПТЕЛІС МӘСЕЛЕСІН ШЕШПЕК

102
0
Шымкенттегі жол құрылысы бойынша ірі жобаралардың бірі Т.Өтегенов көшесінде жүргізілуде. Жоба құрылысы екі кезеңмен жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Соңғы жылдары қала ішінде көлік кептелісі күрделі мәселесіге айналып келеді. Аталған мәселені шешу мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған. Солардың бірі Өтегенов көшесі мен Шымкент ситиге дейінгі аралықты қамтитын ірі жоба. Жоба бүгінде екі кезеңде жүзеге асуда.

Бірінші кезең, Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Шымкент Сити шағын ауданынан бастап Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын болады. Осы жолдың жалпы ұзындығы 1205 шақырымды құраса, ені 28 метр болады. Ал, жолдың жүріс бөлігі төрт жолақты етіп жоспарланған. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар да орнатылуда. Ал, Өтегенов көшесі жалғасының 2-кезең құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелерінің аралығы қамтып отыр. Оның жалпы ұзындығы 970 метр болса , ені 23,5 метрді құрап отыр. Автомобиль жолында төрт жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Қазіргі таңда бұл көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.
Құрылысы жұмысының қарқынымен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жол құрылысының жұмысымен жүргізіліп жатқан сапасын бақылады. Жұмыс сапары барысында мердегер мекеменің басшыларына құрылысытың мерзімінен кешіктірілмей, оның сапасына баса назар аударуды ескертті.
Айта кету керек, бұдан бөлек шаһар басшысы жұмыс сапары барысында Арғынбеков пен Бәйдібек би қиылысындағы үш деңгейлі жолайрық құрылыс жұмыстарының сапасын да тексеріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда. Қараша айында нөмірі 1 және нөмір 4 оң жақ өткел жолында көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.