ТҮРКІСТАННАН- АЛМАТЫҒА: 40- ТАН АСТАМ САРБАЗ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Бүгінгі күн – жас жігіттің ер жетуіне жасалған маңызды қадам. Темірдей тәртіпке үйрететін әскери өмірге аттанып жатқан Нурислам Ермекбаевтың жасы небәрі 18-де. Оң мен солын енді танып бастаған ол әскерге аттану туралы шешімді өзі қабылдаған. Азаматтық борышын өтеу қызықты болсын деп, өзімен бірге 6 досын да шақырыпты.

Мәдени астанамыздан бүгін Отан алдындағы борышын өтеуге Нурислам секілді тағы 45 жас сарбаз аттануда. Барлығының денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан дайын. Елді қорғау – ердің міндеті деп, олар мерзімді әскери қызметін Алматы қаласында өтейтін болады.

Айта өтейік, аймақтан жыл сайын мыңдаған жас сарбаз борышын өтеу үшін туған жерінен жыраққа кетеді. Бұл жолғы шақырылымда Отан қорғайтын ерлердің саны 2500-ден асады. Ал ел бойынша биыл 21 мың азамат мерзімді әскери қызметке аттанады.