ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК

100
0

Айтқан жерден аулақ, егер табиғи сипаттағы төтенше жағдай орын алса не істеу керек? Бұл сұрақ Түркістан қаласының тұрғындарын бей-жай қалдырмауы тиіс. Себебі қала 6 баллға дейінгі сейсмикалық аумаққа жатады.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы уақытта бүкіл әлемде табиғи апаттардың жиілігі өсті. Бұл жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты. Қазақстан Республикасы жанартаулар мен цунами атқылауын қоспағанда, табиғи төтенше жағдайлардың барлық дерлік түрлеріне бейім. Атап айтқанда, жер сілкінісі, маусымдық су тасқыны, орманды дала өрттері, сел шығарындылары, сырғымалар мен көшкіндер ең үлкен қауіп төндіреді.

Төтенше жағдайларды болжау қиын, бірақ оларға дайындалу қажет.  Ең алдымен зардаптарды азайту үшін шаралар қабылдау керек. Отбасы мүшелерін төтенше жағдайға дейін, төтенше жағдай кезінде және төтенше жағдайдан кейінгі тәртіп ережелерімен таныстыру абзал.

Климаттың өзгеруіне байланысты табиғи апаттарда жиілеп келеді. Әлемде әйелдер мен балалардың табиғи апаттан жазым болу ықтималдығы ерлерге қарағанда 14 есе көп. Төтенше жағдайларды болжау қиын. Бірақ алдын ала дайындалу мүмкіндігі бар. Ертерек ескерту және ерте әрекет ету талай өмірді сақтап қалады.

Сіз тұрған аймаққа төну ықтималдығы басым қауіп түрін біліп, ол туралы балаларыңызға айтыңыз. Төтенше келетін апаттың белгілерін білгеніңіз жөн. Мысалы, ұзақ немесе қарқынды жауын-шашын, өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоғарылауы, судың көп мөлшерде лайлануы сел белгілері болып табылады.

Тұрғылықты жеріңізді қауіпсіздендіріңіз. Егер сіз жер сілкінісі бар қаупі аймақта тұрсаңыз қабырғаларға шкафтар мен басқа да ауыр заттарды мықтап бекітіңіз. Жиһазды төсекке құлап  кетпейтіндей немес шығуды бөгемейтіндей етіп орналастыру керек. Суреттер мен айналарды ашық немесе жабылатын ілгектермен бекітіңіз. Ауыр немесе сынғыш заттарды төменгі сөрелерде сақтаңыз. Өзіңізге және әрбір отбасы мүшесіне ұйым, мектеп, аурухана және адамдар көп баратын басқа да орындар деңгейінде төтенше жағдайларды әрекет ету жоспарын жасаңыз. Қозғалыс бағытын және эвакуация жоспарын анықтаңыз. Төтенше жағдайда отбасы мүшелерін қайдан табуға болатынын және қалай байланысу керектігін келісіңіз. Эвакуация үшін бүкіл отбасына арналған алдын ала дабыл чемоданын дайындап қойыңыз. Эвакуация кезінде өзіңізбен тез алып кету үшін оны қолжетімжі жерде сақтаңыз. Төтенше жағдай орын алған мезетте дереу үй-жайдан шығыңыз. Басқаларға қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз жерге өтуіңіз керек.

112 қызметі, теледидар және радиоарналардың ескертулер туралы ақпараттарын назардан тыс қалдырмаңыз.

Есіңізде болсын!

Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін!