ЕКІ ҚАБАТТАН АСАТЫН КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДЕ ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Қазақстан Республикасы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңның 7-бабының 5-тармағы  бойынша 2014 жылдан бастап тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды бақылау әкімдіктерге жүктелгенін атап өту қажет.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Өз кезегінде ведомства басшысы  Жетісу облысына барған сапары кезінде халықпен кездесуінде «Көбінесе газ баллондарын бір пәтерде дұрыс пайдаланбау және сақтау бүкіл кіреберістің адам өліміне әкеледі. Осыған байланысты, газ жабдықтары мен тұрмыстық газ баллондарын пайдалану ережелері бойынша тұтынушылармен-азаматтармен де, газ толтыру станцияларының иелерімен де қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Халыққа тек жарамды газ жабдығын пайдалану қажеттігін еске салғым келеді. Сонымен қатар екі қабаттан асатын көп пәтерлі үйлерде газ баллондарын пайдалануға тыйым салынады», — деп Юрий Ильин хабарлады.