ОҚИҒАДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БОЛМАДЫ

120
0

Түркістан қаласындағы  Н. Абдиров көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы хабарлама Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бөліміне түсті. Келіп түскен хабарламаға сәйкес өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөліктерімен хабарламада айтылған мекенжайға жедел жетеді.

Өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйге келген кезде ауданы 6 шаршы метр жерде күл-қоқыстардың, бұта-ағаштардың жанғанын анықтаған. Бұл оқиға өртке ұласпаған. Үй иелері өрт сөндірушілер жеткенге дейін жанып жатқан күл-қоқыспен қалдық ағаштарды сөндіріп үлгерген. Тиісінше зардап шеккендер де болмаған. Оқиға байланысты құтқарушылар өрт оқиғаларының алдын алу үшін азаматтардан құрғақ шөпті өртемеуді, жиналған күл-қоқыстарды арнайы полигонға  алып кету бойынша коммуналдық мекеме қызметтерімен келісім шарт жасауды ескертті.