ЕҢБЕКШІДЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ

67
0

Еңбекші ауданында негізгі басымдық инженерлік-инфрақұрылымға берілген, деп хабарлайды Uakit.kz.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Аудандағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 96,5%, жекеменшік жүйе 2,5%, ал, қамтылмаған 1% жаңақұрылыс учаскелері құрады. Жалпы абонент саны – 66 283.

Еңбекші ауданына қарасты Абдуллабад, Тұрдыабад, Бадам-1, Оңтүстік, Қаратөбе, Тоғыс, Маятас яғни жекеменшік жүйедегі 9 тұрғын алаптағы 1455 абонентті сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жаңа электр желісі тартылса,  Бадам, Қаратөбе, Абдуллабад, Маятас, Айнатас елді мекендеріндегі  678 абонент қамтылмаған, яғни 3%-ды  құрап отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, әрбір үйді абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қортындысымен сапалы электр қуатымен қамту көрсеткішін 99,8%-ға жеткізу жоспарда бар. Қалған Қарабастау т.а. жаңа құрылысындағы 120 абонентті қамту жұмыстары 2023 жылы жүргізіліп, аудан аумағы толық сапалы электр желісімен қамтылатын болады.

Жалпы 2021 жылға дейін негізгі күш инженерлік-инфрақұрылыммен қамтуға жұмсалып келді. Себебі халықтыңда бірінші кезекте сұрайтыны ауыз су, жарық, газ, жол мәселелері. Бүгінгі таңда инфрақұрылымның негізгі бағыттарының қамту көрсеткіштері 90%-дан жоғары. 2021 жылдан бастап жарықтандыруға жақсы көңіл бөлініп келеді. Аудандағы 611 көшенің 103 көшесі жарықтандырылған болатын. Көшелерді жарықтандыруда орталық және әлеуметтік нысандар (мектеп, бала-бақша, емхана, аурухана) орналасқан көшелерге басымдылық берілуде. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көше жарықтандырылды. 2022 жылы  34 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда  18 көше жарықтандырылды. Жыл соңына дейін 16 жарықтандырылады. 2023 жылға – 15 көшені жарықтандыруға жобалау сметалық құжаттамалар әзірленді. Қосымша 15 көшені жарықтандыруға нақтылау жұмыстары жүргізілуде.