ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 16 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ АҒЗАСЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

93
0

Шымкенттік дәрігерлер 16 жастағы балаға күрделі ота жасап, ағзасын сақтап қалды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқас балаға хирургтар ашық әдіспен урологиялық операция жасап шықты. Қалалық клиникалық балалар аурухана базасында мұндай отаны дәрігерлер алғаш рет жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Операциядан кейін науқасты дәрігерлер күнделікті тексеріп, жағдайын бақылап отыр. Ауыр дертке шалдыққан пациентке дәрігерлер дер кезінде «гидронефроз» диагнозын қойып, бүйрегін сақтап қалды.
«Түскен кездегі баламның жағдайы ауыр еді, бет аузы іскен. Дереу ота жасады, қазір жағдайы жақсы. Баламды аман алып қалған дәрігерлерге алғысым зор»-дейді науқастың анасы Маргуба Ергешова
Дәрігерлерің сөзінше, бүйректегі дерттің салдырынан науқастың зәр шығару жолдарында кедергі болған. Нәтижесінде бүйрек жұқарып, жұмыс істеу қабілеті нашарлаған. Пациентті толық тексеріп шыққан мамандар күрделі ота жасап, зәр шығаратын аумағындағы кеңейіп кеткен астаушалырын пластикалық жолмен емдеген. Операциядан кейін науқаста бүйректің қызметі бірден жақсарды дейді мамандар.
«Астаушасына ота жасап, бүйрегін сақап қалдық. Қазір бүйректің 70-80 пайыздай болып, қызметі жақсарды. Бұл ота жалпы наркозбен, ашық түрде жасалады. Зәр шығару жолын ешқандай кедерісіз өтуіне жол жасадық»-дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-хирургі Қайрат Ізбасов.
Қалалық клиникалық балалар ауруханасында мұндай урологиялық ота алғаш рет жасалды. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Ақ халаттылар пациенті алдағы апта ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, емдеу мекемесінде урологиялық төсек орындар ашылып, медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер арнайы оқытудан өткен.