ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСЕДІ
Ағымдағы жылдың 10-11 қарашасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келеді,-деп хабарлайды uakit.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ, азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар, министр брифингке қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді. Азаматтардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), gdo_dchs_turk@emer.kz , ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 8 қарашаға дейін қабылданады. Алдын-ала сауалдар беру үшін «Сұрақ-жауап» бөліміндегі «Сұрақ қою» түймешігін басу және «Халықпен кездесу» санатын таңдау қажет.Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет. («2022 жылғы 10 қарашадағы халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн)»,- делінген хабарламада.