ТЕРІСКЕЙДЕ 365 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ҚАНДАЙ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?
Түркістан облысы, Созақ ауданындағы индустриалды аймақта ағымдағы жылы жалпы құны 365 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асады.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Соның негізінде ауданда күн электр стансасын салу, Таскөмірсай кенінің көмірін қайта өңдеу қолға алынады. Сонымен қатар, фосфор өңдеу зауытының жобасы іске асып, өткір сода (каустическая сода) шығару жұмысы басталатын болады.
uakit.kz