ДОСТЫҚТА ӘР ҮШІНШІ ҮЙГЕ БІР ЭЛЕКТР БАҒАНАСЫ ОРНАТЫЛУДА

120
0
Шымкент қаласындағы Қаратау ауданынан қарасыты Достық мөлтек ауданына 47 шақырымнан астам электр желісі тартылған, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын. Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Және тұрғындардың сұранысы бойынша, жобадан тыс көшелерге қосымша әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда. Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.
Мердігер мекеме есебінен электр энергиясы тұрғын үйдің алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай кабельді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріп, тұрғындар өз есебінен жүргізетін болады. Қазіргі уақытта абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Абоненттеу жұмысы толық аяқталу нәтижесінде Достық мөлтек ауданындағы 2 686 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Айта кету керек,Шымкент қаласының Асар-2 елді мекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары былтыр аяқталған болатын. Сол кезде 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешілген. Алайда мыңға жуық үй жобадан тыс қалып, сапалы ауыз су, электр қуаты мен табиғи газға қосылмай қалған. Қазіргі таңда осы мәселенің түйіні тарқатылып, халықтың өтініші орындалуда. Бүгінде Асар-2 елді мекеніндегі қалған аумақты сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс толық аяқталды. Биыл жасалған жұмыстар нәтижесінде 53 шақырым су құбыры жүргізілді. Бұдан бөлек, көшелерді жарықтандыру ісі де қарқын алған. Бүгінде аталған бағыттағы жұмыстар мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар су мен сапалы электр жарығы мәселесі де жуық арада шешімін табады. Бұл үшін бюджеттен қыруар қаржы да бөлінген. Тиісті жұмыстар қолға алынғанын да айта кету керек.